
«Атырау облысы білім басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің “С.Мұқаноа атындағы жалпы орта мектебі » коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша ішкі талдау жүргізілетіні туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына сәйкес және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес “ Атырау облысы білім басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің “ С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туындауына жол беретін себептермен жағдайларды болдырмау мақсатында ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Тексеру мерзімі ағымдағы жылдың 12-22мамыр аралығында жүргізіледі.
Сұрақтар мен сауалдар туындаған жағдайда төмендегі көрсетілген байланыс телефондарына хабарласу сұралады
Байланыс нөмірі: 8 (71233) 3-03-96

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін білім беру ұйымдарына жұмысқа орналасу тәртібі туралы (педагог және техникалық мамандықтар) нормаларды ата-аналарға түсіндіру жұмыстары мектебімізде жүргізіліп, жадынамалар таратылды.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ!
Аудандық білім бөлімінің 5.02.2024 ж күнгі №06-01-06-13-052/235 сандық хатына сәйкес,
С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Акбаеваның ұйымдастыруымен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында <<ПАРА БЕРСЕҢ ЖАЗАЛАНАСЫҢ>> атты акциясына орай, мектеп ұстаздарына, қызметкерлерге, ата-аналарға, оқушыларға жадынама таратып, түсінік жұмыстарын жүргізді

6 қыркүйек күні 5-9 сынып оқушыларымен «Адалдық сағаты» өткізілді. «Адалдық сағатында» сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мен алдын алу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сынып жетекшілері оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оқушылардың жемқорлыққа деген көзқарастарын білу мақсатында постерлер қорғатып, ситуациялық жағдаяттар берді және адалдыққа, парасаттылыққа, таза, адал еңбек етуге шақырды.
Өткізген: Насипова К.
Мектебімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша модельдік жұмыс жоспарына сәйкес балаларға арналған ар-ұят, абырой, жауапкершілік, адалдық, әділеттілік сияқты қасиеттерді насихаттайтын бастауыш сыныптарда театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылды.

Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің С.Мұқанов жалпы орта мектебі
2024 жылдың 3 қыркүйек күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 20 — тармағына сәйкес, адалдық пен академиялық мәселелеріне арналған «Адалдық сағаты»жобасы шеңберінде іс-шара жоспарына орай мектебімізде 10-11 сыныптар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша мектеп психологы К.Карабалаева»Сыбайлас жемқорлық туралы не білесің?»тақырыбында сауалнама өткізіп, түсінік жұмыстарын жүргізді.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс -қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті С.Мұқанов атындағы жалпы орта мектебімен бірлесіп, 2023-2024 оқу жылына бөлінген бюджеті туралы жадынаманы ұсынады.

2025 жылдың 08 сәуірі күні
С.Мұқанов жалпы орта мектебінде
Атырау облысы Білім беру басқармасының №06-01-06-02-46/1644 санды хатына орай, ҚР-ның «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес алдағы уақытта білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыратын /конкурс арқылы жұмысқа алу, мемлекеттік сатып алулар, мемлекеттік тапсырыстар, артық ақша төлемдері және т.б.) іс-қимылдардың алдын алу және оны болдырмау мақсатында мектеп ұжымының жиналысын өткізіп, ұжым мүшелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

АДАЛ-АЗАМАТ,АДАЛ-ЕҢБЕК,АДАЛ-ТАБЫС!![]()
Мектебімізде дәстүрлі сынып сағаттары өткізілді!
Сынып сағатының тақырыбы: “Адал-азамат, адал-еңбек, адал-табыс”
Мақсаты: Оқушыларға адалдық, жауапкершілік және еңбек сүйгіштік қасиеттерінің маңыздылығын түсіндіру, оларды адал азамат болып қалыптасуға ынталандыру.
Апта дәйексөзі:
“Әділдік пен жауапкершілік — біртұтас ұғым”
Сынып сағатында оқушыларымыз адалдық, еңбекқорлық, және табысқа жету жолдарындағы жеке тәжірибелерімен бөлісіп, пікір алмасты. Бәріміз үшін адалдықтың мәні мен өміріміздегі рөлі маңызды екенін түсінді.

6 қыркүйек күні 5-9 сынып оқушыларымен «Адалдық сағаты» өткізілді. «Адалдық сағатында» сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мен алдын алу бағытында кең көлемді түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Сынып жетекшілері оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заңнамаларды өмірде қолдана білу бойынша түсінік беріп, оқушылардың жемқорлыққа деген көзқарастарын білу мақсатында постерлер қорғатып, ситуациялық жағдаяттар берді және адалдыққа, парасаттылыққа, таза, адал еңбек етуге шақырды.
Өткізген: Насипова К.
